Смс рассылка, смс шлюз, недорогие sms
 

 
 
Бастапқы бет ЖаңалықтарӨнір жаналықтарыБастықтың блогыМәдениет мекемелеріАтаулы күндерСайт картасыЖарнамаСілтемелерКері байланыс
 
     
 
Мұрағат анықтамаларын беру

Главная

C дипломом в село

Главная

Главная

Главная

Жарнама

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 

Сіздерді дерге, көрмелерге, концерттерге, кинофильмдерге шақырады


С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ

Тел.413989, 420297


















Мемлекеттік рәміздер туралы

Файлды жүктеу

Ту – мемлекеттiң егемендiк пен бiртұтастықты бiлдiретiн басты рәмiздерiнiң бiрi. «Флаг» терминi «vlag» деген нидерланд сөзiнен шыққан және белгiленген көлем мен түстегi, әдетте елтаңба немесе эмблема түрiнде бейнеленген, дiңгекке немесе бауға бекiтiлген мата ұғымын бiлдiредi. Ту ежелден елдiң халқын бiрiктiру және оны белгiлi бiр мемлекеттiк құрылымға сәйкестендiру мiндетiн атқарып келедi.  

Тәуелсiз Қазақстанның Мемлекеттiк туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгiлi суретшi Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тiк бұрышты көгiлдiр түстi мата. Тудың сабының тұсында тiк жолақ түрiнде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесi алтын түстес. Тудың енi мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрiнде әрбiр түс белгiлi бiр ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенiмдiлiк, мiнсiздiк сияқты қасиеттердi бiлдiредi. Сонымен қатар, көк түс түркi мәдениетiнде терең символдық мәнге ие. Ежелгi түркiлер аспанды тәңiр-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледi. Қазақстанның Мемлекеттiк туында ол ашық аспанды, бейбiтшiлiктi, игiлiктi бiлдiрсе, түстiң бiркелкiлiгi елiмiздiң тұтастығын меңзейдi.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмiрдi және күш-қуатты бейнелейдi. Сондықтан елiмiздiң туындағы күн шапағы дәулеттiлiк пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пiшiнiнде берiлген. Қазақстанның мемлекеттiк атрибутикасында күннiң бейнеленуi елiмiздiң жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтiнiн дәлелдейдi және жас мемлекеттiң жасампаздық күш-қуатын, серiктестiк пен ынтымақтастық үшiн әлемнiң барлық елiне ашық екенiн айғақтайды..  

Қыран (бүркiт) бейнесi – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден берi қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бiрi. Бұл бейне әдетте билiктiң, қырағылық пен мәрттiктiң символы ретiнде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркiт мемлекеттiң қуат-күшiн, оның егемендiгi мен тәуелсiздiгiн, биiк мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркiт бейнесi еуразиялық көшпендiлердiң дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсiнiгiнде бостандық пен адалдық, өрлiк пен ерлiк, қуат пен ниет тазалығы тәрiздi ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркiт кескiнi жас егемен мемлекеттiң әлемдiк өркениет биiгiне деген ұмылысын көрсетедi.

Мемлекеттiк тудың сабының тұсына тiгiнен ұзына бойына кескiнделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементi. Қазақ ою-өрнектерi – дүниенi көркемдiк тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетiн ерекше бiр түрi. Түрлi формалар мен желiлер үйлесiмiн танытатын өрнектер халықтың iшкi әлемiн ашып көрсететiн мәнерлi көркемдiк құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениетi мен дәстүрiн символдық тұрғыда бейнелейдi.

Елтаңба – мемлекеттiң басты рәмiздерiнiң бiрi. Елтаңба («герб») терминi немiстiң «erbe» (мұра) деген сөзiнен шыққан. Мемлекеттiң мәдени және  тарихи дәстүрiн бейнелейтiн символдық мәнi бар үйлесiмдi пiшiндер мен заттардың мирастық ерекшелiк белгiсiн бiлдiредi

Қазiргi Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуiрiнiң көшпендiлерi кейiн графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерiн танытқанына тарих куәлiк етiп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрiк қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егемендi Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгiлi сәулетшiлер Жандарбек Мәлiбеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпендiлерi айрықша қастер тұтқан өмiр мен мәңгiлiктiң символы.

Мемлекеттiк елтаңбаның орталық геральдикалық элементi – көгiлдiр түс аясындағы шаңырақ (киiз үйдiң жоғарғы күмбез тәрiздi бөлiгi) бейнесi. Шаңырақты айнала күн сәулесi секiлдi тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесi орналастырылған. Жоғарғы бөлiгiнде – көлемдi бес бұрышты жұлдыз, ал төменгi бөлiгiнде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесi, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезiн еске салатын және Еуразия көшпендiлерiнiң дәстүрлi мәдениетiнде тiршiлiктiң негiзгi бастауының бiрi боп саналатын шаңырақ – киiз үйдiң басты жүйе құраушы бөлiгi. Республиканың Мемлекеттiк елтаңбасындағы шаңырақ бейнесi – елiмiздi мекендейтiн барлық халықтардың ортақ қонысының, бiртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен берiктiгi оның барлық уықтарының сенiмдiлiгiне байланыстылығы секiлдi, Қазақстанда бақытқа жету әрбiр азаматтың аман-есендiгiне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттiк елтаңбадағы өзектi геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесi батылдықты, сенiмдiлiктi және ерiк күшiн танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тiлегiн аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетiлуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрiнiсi. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгiштiгiн және елiмiздiң материалдық игiлiгiн танытады.

Өткен ғасырларда мүйiз көшпендiлердiң табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлiк тудың ұшына орнату үшiн белсендi пайдаланылған. Көктiң сыйын, жердiң игiлiгiн, жорықтың жеңiсiн  әртүрлi жануарлардың мүйiзi арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулi орын алды. Сондықтан молшылық әкелетiн мүйiзi бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

Республиканың Мемлекеттiк елтаңбасындағы тағы бiр деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгi заманнан берi пайдаланып келедi, ол адамдардың ақиқат сәулесiне, барлық игi аңсарларға және мәңгiлiк құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын бiлдiредi. Мемлекеттiк елтаңбада жұлдыздың бейнеленуi қазақстандықтардың әлемнiң барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серiктестiк орнатуға ниеттi ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегi мен құшағы бес құрлықтың өкiлдерi үшiн қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негiзгi түс – алтынның түсi. Бұл – байлықтың, әдiлдiктiң және кеңпейiлдiлiктiң символы. Сонымен қатар, көгiлдiр аспан түстес тудың түсi алтынның түсiмен үйлесiм тауып, ашық аспан, бейбiтшiлiк және бақуат тiршiлiк ұғымдарын танытып тұр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi

Сөзiн жазғандар: Жұмекен Нәжiмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнiн жазған: Шәмшi Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерлiктiң дастаны,
Елiме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:

Менiң елiм, менiң елiм,
Гүлiң болып егiлемiн,
Жырың болып төгiлемiн, елiм!
Туған жерiм менiң – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерiм бар.
Бiрлiгi жарасқан,
Тәуелсiз елiм бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгiлiк досындай,
Бiздiң ел бақытты,
Бiздiң ел осындай!

Қайырмасы:

Менiң елiм, менiң елiм,
Гүлiң болып егiлемiн,
Жырың болып төгiлемiн, елiм!
Туған жерiм менiң – Қазақстаным!

 

 
 
 
Новости


19.12.2018
"Новогодние сказки венского леса"

Толығырақ



19.12.2018
Тәттiмбет атындағы академиялық оркестр мерекелiк концертке шақырады "Жаңа жыл калейдоскопы"

Толығырақ



14.12.2018
2018 жылдың 14 желтоқсаны күні Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының аясында «Рухани жаңғыру» жаңа экспозициялық залының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Толығырақ


 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қабылдау және оның тиімділігіне қатысты бағынысты ұйымдардың және басқарманың қызметі
 
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Жаман

 
 
    103574    
     
 

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
 

часы на сайт











МЕМЛЕКЕТТІК ?ЫЗМЕТТЕР Ж?НЕ А?ПАРАТ ОНЛАЙН
Казахстан 25 лет
Казахстан 2050
Казахстан 2050
adilet

expo 2017 astana








 
 

 
 

© 2009-2012 GY Kyltyra.kz
ГУ Управление культуры Карагандинской области

пр. Бухар жырау 32

© 2009-2012 Интернет-компания "Webstyle"
Разработка и поддержка веб-сайтов