Смс рассылка, смс шлюз, недорогие sms
 

 
 
Бастапқы бет ЖаңалықтарӨнір жаналықтарыБастықтың блогыМәдениет мекемелеріАтаулы күндерСайт картасыЖарнамаСілтемелерКері байланыс
 
     
 
Мұрағат анықтамаларын беру

Главная

C дипломом в село

Главная

Главная

Главная

Жарнама

Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары!

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы сіздерді спектакльдерді, көрмелерді, концерттерді, кинофильмдерді тамашалауға шақырады

МУЗЫКАЛЫҚ КОМЕДИЯНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ТЕАТРЫ

Тел. 410650, 493254

Қызыл зал



Толығырақ


















Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

1. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар туралы мәліметтер

2. Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды бағалау бойынша халыққа әлеуметтік сауалнама

3. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық фактілерін хабарлау тәртібі туралы халықты ақпараттандыру

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша БАҚ жұмысы туралы ақпарат

5. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәуекелдерді ішкі бақылау

2014 ж. «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ бойынша Қарағанды облысында

2012 жылғы 26 маусымдағы Қарағанды облысы әкiмдiгiмен бекiтiлгеназаматтардың құқықтық мәдени деңгейiн арттыру жөнiндегi2012-2014 жылдарға арналған кешендi жоспарын орындау жөнiндегiАҚПАРАТ

Облыстың мәдениет, өнер және мұрағаттар мекемелерiнiң қызметiне қатысты мәселелер бойынша азаматтарға консультациялар жұмыс уақыты iшiнде күн сайын берiледi. «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ (бұдан әрi – Басқарма) басшысының азаматтарды жеке қабылдау кестесi: дүйсенбi күнi сағат 14.00-ден 16.00-ге дейiн, бейсенбi күнi сағат 10.00-ден 13.00-ге дейiн. Мәдениет және өнердi ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз ету бөлiмiнiң, мұрағаттық қызмет бөлiмiнiң және ұйымдастыру жұмысы және мемлекеттiк қызметтер бөлiмiнiң басшылары, сондай-ақ басқарманың заңгерi азаматтардың өтiнiштерiне қарай күн сайын консультация бередi.

 Мәдениет және өнер, мұрағаттар мемлекеттiк ұйымдарында азаматтарды қабылдау жұмыстары жұмыс уақыты iшiнде күн сайын жүргiзiледi және оларға консультация берiледi.

Облыстық ақпараттық-насихаттау тобының құрамындағы және оның мүшесi болып табылатын Басқарма басшысы Елбасының жыл сайынғы Жолдауын түсiндiру мақсатында Қарағанды облысының өңiрлерiне тоқсан сайын барып тұрды (Жоспардың 1-тармағы).

Облыстың мәдениет және өнер, мұрағаттар мемлекеттiк ұйымдарының қызметкерлерiмен, оның iшiнде Басқарма қызметкерлерiмен жергiлiктi БАҚ-та ғана емес, сондай-ақ республикалық газеттерде жарияланған мақалалар дайындалды және азаматтарды толғантатын мәселелер бойынша түсiнiктеме берiлдi. Ағымдағы жылы 300-ге жуық мақала жарияланды (Жоспардың 2,6-тармақтары).

Абай ауданының мемлекеттiк мұрағаты директорының екi мақаласы БАҚ-та жарыққа шықты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына «Қазақстан жолы: Бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» Жолдауына өз пiкiрiн және «Мәслихат - халықтың үнi» атты мақаланы жазды.

Жылдың басынан бастап Балқаш қаласының қалалық газеттерiнде «О формировании коллекций документов личного происхождения «Бесценная информация о прошлом» (2014 жылғы 29 қаңтардағы «Северное Прибалхашье») мақаласы; қала тарихы жайлы «Балқаш қаласының тарихи-мұрағаттық құжаттарда» (2014 жылғы 11 сәуiрдегi «Балқаш өңiрi») атты мақала; Астана күнiне орай «Увидеть город-мечту» (2014 жылғы 2 маусымдағы «Северное Прибалхашье») мақаласы жарыққа шықты.

Ағымдағы жылдың iшiнде Қарағанды облысының мемлекеттiк мұрағаты «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда», «Новый Вестник» газеттерiнде «Город окнами в Европу», «Целина - школа трудолюбия, интернационализма и дружбы народов», «Ас атасынан», «Сөз және шеберлiк» және т.б. мақалаларды жариялады.

Жезқазған қаласының мемлекеттiк мұрағаты жергiлiктi мерзiмдi басылымдарда 12 мақаланы жариялады. Олар: Жезқазған өңiрiнде мәдениет құрылымын жасау және оны дамыту туралы «Рухани сананың мәйегi – мәдениет» атты мақала, телерадиокоммуникация саласын дамыту туралы мақала, Қазақстанның Тәуелсiздiк жылдарында Жезқазған қаласында мұрағат саласының дамуы туралы мақала, сондай-ақ, ғалым, академик Қ.И. Сәтбаевтың 115-жылдығана орай «Қазақ ғылымының асқар шыңы» атты мақала, жергiлiктi ақын Н.Барменбаеваның 100-жылдық мерейтойына арналған мақала, мемлекеттiк мұрағаттың фотоқұжат қоры жайлы «Мұрағаттағы суреттер сыр шертедi» атты мақала, экология саласы туралы «Экологиялық мәселе – елдiк мүдде» атты мақала, автокөлiк тас жолы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың дамуы туралы мақала, Жезқазған қаласының экономикасының дамуы туралы «Өмiрдiң дәруi - өңiрдiң дамуы» атты мақала және т.б.

Жезқазған қаласының 60-жылдығына орай, «Сары арқа» газетiнiң әр нөмiрiнде қаланың жылнама рубрикасы тұрақты түрде жариялануда. 1954-1988 жылдар аралығында қаланың дамуы жайлы 27 тарих жазбалары жарыққа шықты.

Қаражал қаласының мемлекеттiк мұрағаты жергiлiктi «Қазыналы өңiр» газетiнде «Кендi өлке-Қарағанды», «Это нашей истории строки...», «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты» мақалаларын жариялады.

Қарқаралы ауданының мемлекеттiк мұрағаты ағымдағы жыл iшiнде жергiлiктi «Қарқаралы» газетiнде ауданның 190-жылдығына орай «Қарқаралы тарихи қалпында» атты мақаланы, «Н. Әбдiров жайлы деректер», «Қарқаралының алғашқы дәрiгерлерi», «Аймақ айнасы», «Әкiмшiлiк-аймақ орталық және оны басқарған тұлғалар», «Әдебиеттiң жарқын жұлдызы», «Жеке қор құжаттар мемлекеттiк мұрағатта», «Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» және т.б. мақалаларды жарыққа шығарды.

Ғылыми-техникалық құжаттама мемлекеттiк мұрағаты «Оазис в степи», «Өлке шежiресiнiң өрелi хаттамасы», «Iс жүргiзушiлердiң бәсекесi», «Бүгiнгi құжат – ертеңгi тарих» атты мақалаларды жариялады.

Приозерск қаласының мемлекеттiк мұрағаты жергiлiктi «Приозерский вестник» газетiнде келесi мақалаларды жариялады: «Мәңгiлiк елiмiздiң гүлденуiне үлес қосайық», «Медиатор – құқығыңды қорғайды», «Мекемелер мен ұйымдарда iс жүргiзудi жетiлдiру, iстердi ведомстволық мұрағатта сақтауды ұйымдастыру», «Бейiмбет Майлиннiң туғанына – 120 жыл», «Хизбут- тахрир – керiтартпа ұйым».

Саран қаласының мемлекеттiк мұрағаты «Саран газетi» газетiнде «Мұрағаттық әлеуметтiк-құқықтық сұраныстарын орындау жөнiнде»; «Мұрағат iсiн дамытуды мемлекеттiк жүйеге келтiру»; «Кендi өлке Қарағандыға - 80 жыл»; тың жерлердi игерудiң 60-жылдығына «Золотое» поле Казахстана», «Архив-это важно» және «Мұрағат тарихының Ер Есiмi – Ел Есiнде» атты мақалаларды жариялады.

Шахтинск қаласының мемлекеттiк мұрағаты «Шахтинский вестник» газетiнде қала ұйымдарында құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету турлалы «Сохранить для истории» атты мқаланы, Мемлекеттiк мұрағаттың «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қатысуы жайлы «Балаларға мейiрiм сыйла!», стандарттық емес жабдықтар және шағын механизация зауытының 40-жылдығына орай «И стал завод судьбою…» атты мақаланы жариялады.

Осы бағытта ведомстволық бағыныстағы мәдениет ұйымдары да бiрталай жұмыстарды атқарды. «Деловой Казахстан», «Караван» республикалық газеттерiнде, «Индустриальная Караганда», «Новый вестник», «Авитрек», «Взгляд на события», «Наша ярмарка» облыстық газеттерiнде «Сияние «бриллианта» сцены», «Новая вокальная реальность», «Безграничная сила искусства», Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының вокалисi Владимир Боженконың «Туда, где соловей звенит в кустах», «Всю жизнь – театру» өлеңдерi, театрдың әдеби бөлiмiнiң меңгерушiсiнiң «На поезд случайный любовь не садится» өлеңi, Ольга Моостың «Клуб миллионеров» мақаласы және Амантай Ибраевтың Мәдениет басқармасының пресс-конференциясында берген сұхбаты, Қазақстан халқының бiрлiгi күнiне орай «Волшебных звуков переливы», «Особая черта» мақалалары, «Короли у рояля», «Поднимем занавес», «Завороженная танцем», «От Дуремара до Дона Базилио», «Сказочное счастье», «Магия театра», «Актер и пламенный поэт», «Нестареющая «Золушка», «Артисту и для артиста», «Лоск ушедшего времени», «Скорбящая мать», «Фестиваль международного звучания», «Личное  счастье», «Энергетика творчества», «Досstar»  фестивалiнiң жабылуы туралы «Звездная россыпь талантов», «Карагандинец позвал девушку замуж со сцены театра», «Обрусевший ацтек», «В Караганду едут скоморохи»  және т.б. мақалалары жарияланды.

Басқарманың интернет-ресурсында әр-түрлi мәлiметтер жарияланады. Мысалға, театрлардың және филармоноиялардың, концерттiк бiрлестiктердiң репертуарлары, «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру», «Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм беру» және «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы хабарламалар. Тиiсiнше алғашқы екi мемлекеттiк қызмет Басқармада және мемлекеттiк мұрағаттарда көрсетiледi, ал «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттiк қызметi халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО-ында) баламалы негiзде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, мұрағаттық анықтамаларды алуға болатын мәдениет және өнер басқармасының ведомстволық бағыныстағы барлық ұйымдарының, Қарағанды облысының мемлекеттiк мұрағаттарының және ХҚКО-ының мекенжайлары көрсетiлдi.

Интернет-ресурста Басқарма өткiзген алқалар, облыстың мәдениет және мұрағат саласы өмiрiндегi жаңалықтар, конкурс тәсiлiмен өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алулар, мәдениет саласының нормативтiк-құқықтық базасы және т.б. ақпараттар жарияланады (Жоспардың 3,11-тармақтары).

Басқарманың www.karkultura.gov.kz интернет-ресурсында халықпен керi байланыс «Сұрақ-жауап» қызметi жұмыс iстейдi. Онда тұрғындардың өтiнiштерi қабылданады. «Тiкелей желi» әр азаматқа заңдық және облыстың мәдениет және өнер, мемлекеттiк мұрағаттар қызметiне қатысты мәселелер бойынша консультацияларды алуға мүмкiндiк бередi. 2014 жылы осындай 10 сауал келiп түстi. Оларға толық және дәлелдi жауап берiлдi (Жоспардың 4-тармағы).

Қарағанды облысының телеарналарымен тұрақты және тығыз ынтымақтастық жүргiзiлуде. 2014 жылы теледидарда келесi (Жоспардың 5,14-тармақтары) бағдарламалар көрсетiлдi: «Дидар» телеарнасымен бiрлесiп «Жезказган в моей судьбе» («Жезқазған менiң тағдырымда») рубрикасы аясында мемлекеттiк мұрағат қорынан Жезқазған қаласының Құрметтi азаматы, қалалық комитетi партиясының бiрiншi хатшысы О. Асылбеков туралы телебағдарлама көрсетiлдi. Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 20-жылдығына орай, «Дидар» телеарнасында мемлекеттiк мұрағаттың кино қорынан «Ядерный мир» («Ядролық әлем») деректi фильмi көрсетiлдi.

Жезқазған қаласының мемлекеттiк мұрағатының директоры Б.Байжантаев берген сұхбаты, тарихи көздерден жинақталған әскери қолбасшы Шыңғыс хан туралы, батыр, би, күйшi, тарихи тұлға Кетбұға жырау туралы телебағдарламалар көрсетiлдi.

Жезқазған қаласының құрылуына 60-жыл толуына орай, дөңгелек үстел форматында «Дидар» телеарнасымен бiрлесiп, «Алтын көпiр – асыл қазына» рубрикасы аясында телебағдарлама дайындалды. Оның бесеуi Жезқазған теледидар студиясының қызметкерлерiмен және ардагерлерiмен, еңбек сiңiрген құрылысшылармен, геология, металлургия өнеркәсiбi саласының және бiлiм беру жүйесiнiң қызметкерлерiмен ұйымдастырылып өткiзiлдi.

Мұрағат қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Президентi Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына «Қазақстан жолы: Бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» Жолдауын түсiндiру бойынша «Дидар» телеарнасының журналисiне сұхбат бердi. Сондай-ақ, Жезқазған қаласының құрылуына 60-жыл толуына орайластырылған телебағдарламаны дайындауға мәлiметтер берiлдi.

«Қазақстан-Қарағанды»телеарнасында Қарағанды қаласының 80-жылдығана орай ғылыми-техникалық құжаттама мемлекеттiк мұрағатының директоры Б.К. Айсановтың және саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiне орай директордың орынбасары А.С. Несiпбаевтың  сөз сөйлеуi көрсетiлдi. Жергiлiктi «5 арна», «Қазақстан-Қарағанды», «Бiрiншi Қарағанды», «Новое телевидение» телеарналарында қазақ және орыс тiлдерiнде  «Братец Лис и братец Кролик» үлкен қуыршықтар студиясы ертегiсiнiң премьерасы, Басқарма басшысының және театр директорларының Театр күнi туралы сұхбаты, Амантай Ибраевтың Театр Қайраткерлерi Одағының сыйлығы туралы сұхбаты және т.б. бағдарламалар халық назарына ұсынылды.

Басқарма жанында тұрақты жұмыс iстейтiн құқықтық бiлiм мектебiнде өткен жылы мемлекеттiк қызметкерлер және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасының әр түрлi тақырыптарына 14 сабақ өткiзiлдi.

 

 
 
 
Новости


10.08.2018
Қарағанды облысында қазақтың ұлы жырауы, мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойына орай бірқатар іс-шаралар көрініс табуда.

Толығырақ



12.07.2018
Бүгін Қарағанды облысында үлкен іс-шара өз бастауын алды.

Толығырақ



09.07.2018
2018 жылдың 4 шілдесінде Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Астанамыздың 20 жылдығына арналған «Ғасырлардан жеткен қала- Астана» атты фотоочерк көрмесі ашылды.

Толығырақ


 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қабылдау және оның тиімділігіне қатысты бағынысты ұйымдардың және басқарманың қызметі
 
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Жаман

 
 
    103574    
     
 

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
 

часы на сайт











МЕМЛЕКЕТТІК ?ЫЗМЕТТЕР Ж?НЕ А?ПАРАТ ОНЛАЙН
Казахстан 25 лет
Казахстан 2050
Казахстан 2050
adilet

expo 2017 astana








 
 

 
 

© 2009-2012 GY Kyltyra.kz
ГУ Управление культуры Карагандинской области

пр. Бухар жырау 32

© 2009-2012 Интернет-компания "Webstyle"
Разработка и поддержка веб-сайтов