Смс рассылка, смс шлюз, недорогие sms
 

 
 
Бастапқы бет ЖаңалықтарӨнір жаналықтарыБастықтың блогыМәдениет мекемелеріАтаулы күндерСайт картасыЖарнамаСілтемелерКері байланыс
 
     
 
Мұрағат анықтамаларын беру

Главная

C дипломом в село

Главная

Главная

Главная

Жарнама

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 

Сіздерді дерге, көрмелерге, концерттерге, кинофильмдерге шақырады


С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ

Тел.413989, 420297


















Негізгі ережесі

Қарағанды облысы әкімдігінің

2016 жылғы «__» _________

№ __/__ қаулысына

1-қосымша

 

«Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

 

1. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Қарағанды облысының аумағында мәдениет және архив ісі саласында мемлекеттік басқару мен үйлестіру қызметінің функцияларын атқару бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

«Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесi Қарағанды облысының атқарушы органдары құрылымына кіреді.

2. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң, облыстық мәслихаттың, Қарағанды облысы әкiмдігі мен әкiмiнiң, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнің актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрi және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабаны, белгiленген үлгiдегi бланкiлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес дербес теңгерімі мен Қазынашылық комитеті органдарында ашылған есеп шоттары, Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген оның қызметін жүзеге асыру үшін қажет өзге де деректемелері бар.

4. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесi егер Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қарағанды облысы аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

        7. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесінің Ережесін, құрылымын, штат санының лимитiн Қарағанды облысының әкімдігі бекiтедi.

        8. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесінің орналасқан жері және заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, пошталық индексі 100008, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, Бұқар жырау даңғылы, 32-үй.

9. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение «Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области».

10. Осы Ереже «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесі қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер облыстық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесінің миссиясы мәдениет және архив ісі саласында сапалы әрі қолжетімді қызмет ұсынуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының сақталуын, толықтырылуын, есепке алынуы мен пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады.

14. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесі келесі міндеттерді іске асырады:

 1) Қарағанды облысының аумағында мәдениет және архив iсi саласында бiрыңғай мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ету (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының кіріспе сөзбасы, ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 18-бабы 3-тармағы 1-тармақшасы);

 2) тарихи және мәдени мұраны сақтау, Қарағанды облысының аумағындағы жұршылықтың тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасау (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 8-бабы 12-тармақшасы);

 3) Қарағанды облысындағы мәдениет және архив ісі саласының қызмет етуін мемлекеттік қамтамасыз ету және қоғам қажеттілігінің өзгеруі мен оның дамуында жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес оны әлеуметтік қорғау (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 15-бабы);

 4) Қарағанды облысының мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды қамтамасыз ету (ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 18-бабы 3-тармағы 2-тармақшасы);

 5) мәдениет және архив ісі саласында мәдениет және архив ісі жүйесінің қаржылық қамтамасыз етілуін талдау жолымен мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, Қарағанды облысының әкімдігіне бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының орындалуы, әзірлеу кезеңіндегі стратегиялық жоспарлардың жобалары туралы есептер жасау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 8-бабы 1-1-тармақшасы).

15. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесі өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес, заңнамада белгіленген тәртіппен келесі функцияларды атқарады:

 1) стратегиялық және операциялық жоспарларды әзірлейді және олардың орындалуы жөнінде мониторинг жүргізеді (ҚР Бюджет кодексінің 62, 63-баптары);

 2) мәдениет саласының Даму тұжырымдамасы мәселелерін әзірлеу, мониторинг жүргізу жолымен мәдениет пен өнердің инфрақұрылымын сақтау мен дамытуды және материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз етеді (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 8-бабы 6-тармақшасы);

 3) театр, музыка және кино өнерін, мәдени-сауық қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту жөнінде Қарағанды облысының мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, Қарағанды облысының мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 8-бабы 3-тармақшасы);

 4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады, Қарағанды облысында сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 8-бабы 4,8-тармақшалары);

 5) Қарағанды облысының тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 8-бабы 5,12-тармақшалары);

 6) мәдени-демалыс қызметіндегі және халық шығармашылығындағы озық тәжірибені зерделейді, қорытады, танытады, оны енгізу мен таратуға мүмкіндік жасайды (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 27-бабы 3-тармағы 4-тармақшасы);

 7) өз құзыреті шегінде Қарағанды облысының мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді, меншік нысандарына қарамастан, мәдениет мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 25-тармағы);

 8) белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік мәдениет ұйымдарына аттестаттау жүргізеді, Қарағанды облысында аттестаттау өткізу ережесінің сақталуына бақылау жасайды (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 8-бабы 9-тармағы);

 9) Қарағанды облысының аумағында орналасқан мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен архив мекемелерінің қызметіне мониторинг жүргізеді және уәкілетті органға ақпараттар, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер ұсынады (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 8-бабы 7-тармағы);

 10) Қарағанды облысының аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасайды және мемлекеттік бақылау жүргізеді, белгiленген тәртiпте құжаттары Қарағанды облысының Ұлттық архив қоры құрамына енуге тиіс мемлекеттiк органдардың және өзге де заңды, сондай-ақ, жеке тұлғалардың тiзбесін айқындайды (ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 18-бабы 3-тармағы 8-тармақшасы);

 11) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау бойынша іс-шаралар өткізеді, оларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз етеді (ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 18-бабы 3-тармағы 4-тармақшасы);

 12) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнінде сараптау комиссиясын құрады, құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастырады (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 8-бабы 6-тармақшасы, ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 18-бабы 3-тармағы 6-тармақшасы);

 13) Қарағанды облысының мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру және ақпараттық қызметтерді дамыту жұмыстарын жүргізеді (ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 18-бабы 3-тармағы 7-тармақшасы);

 14) Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалануды ұйымдастырады (ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 18-бабы 3-тармағы 11-тармақшасы);

 15) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру», мемлекеттік архивтермен «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетуіне мониторинг жүргізеді (ҚР Үкіметінің 17.01.2012 ж. №83 қаулысымен бекітілген Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты, ҚР Үкіметінің 30.12.2009 ж. №2315 қаулысымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты);

 16) Қарағанды облысының тарихы бойынша архив құжаттарын жинайды және қайтарады (ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 18-бабы 3-тармағы 12-тармақшасы);

 17) Қарағанды облысының әкіміне, оның орынбасарларына және басқа мемлекеттік органдарға атқарылған жұмыс туралы есеп береді, облыс әкімі мен жетекшілік жасайтын облыс әкімінің орынбасарына мәдениет және архив ісі саласындағы жұмысты жетілдіру жөнiнде ұсыныстар енгізеді (ҚР 23.01.2001ж. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының нормалары);

 18) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыруына талдау жасайды (ҚР Бюджет кодексінің 112-бабы);

 19) Қарағанды облысының мәдениет және архив ісі саласында мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады, өз құзыретi шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлейді (ҚР 01.03.2011 ж. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 2-тарауы);

 20) мемлекеттік мәдениет ұйымдары және архив мекемелері қызметінің мәні мен мақсатын айқындайды (ҚР 01.03.2011 ж. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 15-бабы 3-тармағы);

 21) мемлекеттік мәдениет ұйымдары және архив мекемелерінің облыстық бюджеттен қаржыландырылу жоспарын бекітеді және жылдық қаржылық есептілігін сараптайды (ҚР Бюджет кодексінің 85-бабы 9-тармағы);

 22) мемлекеттік мүлік бойынша құзыретті органының келісімімен (коммуналдық мүлікті басқару бойынша өкілетті органмен) мемлекеттік мәдениет ұйымдары және архив мекемелері мүліктерінің пайдаланылуы мен алынуын, қайта бөлінуі мен сақталуына есеп және бақылау жасайды (ҚР 01.03.2011 ж. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 197-бабы 2-тармағы, 202-бабы 2-тармағы);

 23) мемлекеттік мүлік бойынша құзыретті органының келісімімен мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен архив мекемелерін қайта құрады және таратады (ҚР 01.03.2011 ж. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 15-бабы 16-тармағы, ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 8-бабы 2-тармақшасы);

 24) мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешеді (ҚР 02.07.1992 ж. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 18-бабы 4-тармақшасы);

 25) облыстық мемлекеттік мәдениет кәсіпорындары қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын қызметтерінің міндетті көлемдерін айқындайды (ҚР 01.03.2011 ж. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабы 8-тармағы);

 26) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын және архив мекемелерін басқаруды жүзеге асырады (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 9-бабы 6-тармақшасы, ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 19-бабы 1-тармағы);

 27) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 9-бабы 10-тармақшасы, ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 18-бабы 3-тармағы 13-тармақшасы).

16. Негізгі міндеттерін жүзеге асыру және өз функцияларын орындау мақсатында «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесінің белгіленген заңнамалық тәртіпте келесідей құқықтары мен міндеттері бар:

 1) мемлекеттiк органдардан, өзге ұйымдардан, оның ішінде мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен архив мекемелерінен және азаматтардан «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттiк мекемесінің құзыретiне кіретін сұрақтар бойынша қажеттi мәлiметтер мен ақпараттар сұратуға және алуға (ҚР 27.11.2000 ж. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының нормалары);

 2) ведомстволық архивтердің жұмысы және іс жүргізудің жай-күйі жөнінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.12.2011ж. № 1583 «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 5-тармағы);

 3) мемлекеттік архивтердің қызметкерлерін тексеріске тарта отырып, Қарағанды облысы аумағында барлық жеке, заңды тұлғалардың архив iсiн және құжаттаманы жүргiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауына, сонымен бiрге Ұлттық архив қоры құжаттарының және тарихи, мәдени құжаттық ескерткiштердiң қорғалуы мен пайдалануына тексеріс жүргiзу (ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 19-бабы 2-тармағы);

 4) халықаралық және республикалық ұйымдардың архив ісі мен іс жүргізу бойынша жұмысына қатысуға (ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 6-тарауы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.12.2011 ж. № 1604 «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 459-тармағы 5-тармақшасы);

 5) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын және архив мекемелерін құру, қайта құру, тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге (ҚР АК 45-бабы 1-тармағы);

 6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен архив мекемелері қызметіне басшылық жасауға (ҚР АК 44-бабы);

 7) қолданыстағы ведомстволық нормативтік және әдістемелік құжаттарды өзгерту туралы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қарама-қайшы келген жағдайда Қарағанды облысының аумағында мәдениет және архив ісі саласын регламенттейтін жергілікті билік органдары мен басқарманың нормативтік және әдістемелік құжаттарының қолданысын тоқтату немесе қолданыстан алып тастау туралы ұсыныстар енгізуге (ҚР 24.03.1998 ж. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 13-21-баптары);

 8) Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын қорғау және пайдалану туралы қолданыстағы заңнаманың бұзылуына кінәлі болған немесе оған жол берген лауазымды тұлғаларға, заңды тұлғалар мен азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жауапкершілікке тарту туралы әрекет ету шараларын қолдануға (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 8-бабы 5,12-тармақшалары, ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 27-бабы);

 9) архив ісі мен құжаттама мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте конференциялар, семинарлар мен кеңестер өткізуге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.12.2011 ж. № 1604 «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 449-тармағы 5-тармақшасы);

 10) архив ісі және құжат жасау саласында кеңесу, мәселелерді зерделеу мен шешу үшін, сондай-ақ, құжаттардың құндылығын мемлекеттік сараптау қызметі жұмысына қатысу үшін келісім-шарт негізінде, сонымен қатар жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен әріптестік негізінде мамандар мен сарапшылар тартуға (ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 6-бабы);

 11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға және өзге де міндеттерді орындауға (ҚР 15.12.2006 ж. «Мәдениет туралы» Заңының 8-бабы 15-тармақшасы, ҚР 22.12.1998 ж. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 18-бабы 3-тармағы 13-тармақшасы).

 

3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру

 

17. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ, Қарағанды облысы әкімі мен әкімдігінің актілерін, әкімнің, әкім орынбасарларының және облыс әкімдігінің тапсырмаларын сөзсіз, толыққанды әрі уақытылы орындауға, сонымен қатар, құпия іс жүргізуді ұйымдастыру кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз етуге дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

18. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қарағанды облысының әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының салаға жетекшiлiк жасайтын облыс әкiмiнің орынбасарының және облыс әкімі аппаратының жетекшісімен келісіліп қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.

20. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

 1) «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, Қарағанды облысының мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басшыларын жетекшілік жасайтын облыс әкiмi орынбасарының ұсынысы бойынша қызметке тағайындау және қызметтен босату, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес олармен еңбек шарттарын жасау, өзгерту немесе бұзу;

 2) «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшыларының, мемлекеттік мәдениет ұйымдары және архив мекемелері басшыларының міндеттерін, өкілеттіктерін белгілеу және жауапкершілік дәрежелерін анықтау;

 3) өз құзіреті шегінде «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің барлық мәселелері бойынша бұйрықтар мен нұсқаулар шығару;

 4) белгiленген заңнамалық тәртiпте «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерiне, мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басшыларына көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану шараларын жүзеге асыру;

 5) «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі жұмысының Регламентін, бөлімдер туралы Ережені, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын, мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен архив мекемелерінің штаттық кестелерін бекіту;

 6) өз құзіреті шегінде қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, меншік түріне қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі болу;

 7) «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің келешекке арналған және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекіту;

 8) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізу;

 9) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қою;

 10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікпен «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінде және мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен архив мекемелерінде түрлі сыбайлас жемқорлықтың орын алуына өз әрекеттерімен қарсы тұру;

 11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, өз құзіретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.

«Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін тиісінше басшының орынбасары орындайды.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкi

 

21. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығына ие және өзіне берілген мүлікті пайдалануға және иелік етуге құқығын жүзеге асыра алады.

«Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады;

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

 

 

5. Мемлекеттік органның жұмыс режимі

 

24. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.

 

6. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату

 

25. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің шешімі бойынша немесе сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.

26. «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта құрған және таратқан жағдайда оның мүлкін тапсыру және қайта бөлу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

«Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық

мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі:

 

1. Мемлекеттік мәдениет ұйымдары:

 

1)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының  «Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

2)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Халықтар достығы орденді К.С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

3)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

4)            Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

5)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

6)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

7)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тайжан Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

8)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

13)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

14)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

15)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

16)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жезқазған тарихи-археологиялық музейі көрме залымен» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

17)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

18)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

19)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

20)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қарқаралы тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

21)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Абай Құнанбаев әдеби-мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

22)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

23)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

24)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

25)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Осакаров ауданының тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

26)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

27)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

28)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

29)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

30)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Кеншілер мәдениет сарайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

31)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Сарыжайлау» Кинотеатры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

32)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Саңыраулар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

33)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Зағип және нашар көретіндер мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;

34)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Облыстық кинобейнепрокат» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.

 

2. Мемлекеттік архив ұйымдары:

 

1)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қарағанды облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қарағанды қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жезқазған қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шахтинск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Балқаш қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Саран қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

7)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Приозерск қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қаражал қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9)           Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Сәтбаев қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Теміртау қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

11)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

12)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Абай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

13)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Осакаров ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

14)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Нұра ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

15)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Бұқар жырау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

16)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ұлытау ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

17)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ақтоғай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

18)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шет ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

19)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жаңаарқа ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

20)      Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қарқаралы ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

 
 
 
Новости


19.12.2018
"Новогодние сказки венского леса"

Толығырақ



19.12.2018
Тәттiмбет атындағы академиялық оркестр мерекелiк концертке шақырады "Жаңа жыл калейдоскопы"

Толығырақ



14.12.2018
2018 жылдың 14 желтоқсаны күні Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының аясында «Рухани жаңғыру» жаңа экспозициялық залының салтанатты ашылу рәсімі өтті

Толығырақ


 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қабылдау және оның тиімділігіне қатысты бағынысты ұйымдардың және басқарманың қызметі
 
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Жаман

 
 
    103574    
     
 

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
 

часы на сайт











МЕМЛЕКЕТТІК ?ЫЗМЕТТЕР Ж?НЕ А?ПАРАТ ОНЛАЙН
Казахстан 25 лет
Казахстан 2050
Казахстан 2050
adilet

expo 2017 astana








 
 

 
 

© 2009-2012 GY Kyltyra.kz
ГУ Управление культуры Карагандинской области

пр. Бухар жырау 32

© 2009-2012 Интернет-компания "Webstyle"
Разработка и поддержка веб-сайтов