Смс рассылка, смс шлюз, недорогие sms
 

 
 
Бастапқы бет ЖаңалықтарӨнір жаналықтарыБастықтың блогыМәдениет мекемелеріАтаулы күндерСайт картасыЖарнамаСілтемелерКері байланыс
 
     
 
Мұрағат анықтамаларын беру

Главная

C дипломом в село

Главная

Главная

Главная

Жарнама

ҚҰРМЕТТІ ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ !

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Сіздерді дерге, көрмелерге, концерттерге, кинофильмдерге шақырады

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ

Тел.413989, 420297



Толығырақ


















Өлке тарихы

 Қарағанды облысы 1936 жылы шілде айында кұрылды. Ол Орталык Қазақстанда орналасқан, еліміздің ірі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және мәдени аймағы болып саналады. Мұнда 115 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Облыс халқы 1 миллион 399 мың адамды құрайды. Шығыстағы Қарқаралы гранитті көркем тау сілемдерінен Теңіз көліне дейінгі және батыстағы Ұлытау таулары мен солтүстіктегі Есіл өзенінен Бетпақдала шөліне дейінгі аумақта ұлан-ғайыр таулы қырқа көсіле созылып жатыр. Қазақтар бұл өңірді ерте замандардан бері поэтикалык, түрде Сарыарқа деп атайды.

Мұнда төсінде шағын өзендер сылдырай аққан шетсіз-шексіз ақ селеулі даланы да, жаздың шіліңгір ыстығынан арнасы кеберсіп, құрғаған сортаң көлдер мен толқыны тынымсыз жағаға ұрған көк айдынды Балқаш көлін де, бет-бедері жарықшақ тақырмен айқышталған шөл дала мен көркем шыршалар, құз жартас көмкерген ғажайып тау аңғарларын да кездестіруге болады.
Бұл - Еуразия континентін, Шығыс пен Батысты мекендеген тайпалар мен халықтар мәдениеті ықылым замандар бойы бірін-бірі байыта, молықтыра түсіп, өзара байланыста дамып, өркен жайған өрісті өлке. Алғашқы қауым суретшілерінің тұрмыс-тіршілік, аңшылық және сайыс көріністерін бейнелейтін жартастағы суреттерінде көне мәдениеттін өшпес іздері сайрап жатыр. Археологиялық деректер Орталық Қазақстан аумағында палеолит дәуірінің өзінде аң және балық аулаумен шұғылданған адамдар өмір сүргенін айғақтайды, ал қола дәуірі кезеңінде мұнда егін және мал шаруашылығы дамып, суландыру жүйелері пайда болды. Беғазы-Дәндібай мәдениеті кезеңінде (б.д.д. X—XII ғғ.) өндіргіш күштердің дамуында мал шаруашылығымен қатар кең өндіру және балқыту маңызды рөл атқарды.
XVI ғасырдың басында Орталық Қазақстан аумағы үш жүздің экономикалық, және этникалық қауымдастығы негізіңде пайда болған ауқымды мемлекеттік құрылым - Қазақ хандығының құрамына енді.
Қазақтардың осылайша бас біріктіріп, үйыса өмір сүргеніне Қазақ мемлекеттілігінің калыптасуында аса зор рөл атқарған шежірелі Ұлытау жеріндегі көне ескерткіштер айқын айғақ бола алады. Қарт Ұлытау  баурайындағы қазақтың негізгі руларының таңбалары бейнеленген «Таңбалы тас» мемориалы қазақ халкының бірлігі мен тұтастығының символы болып саналады.
Қарағанды облысының аумағында барлығы 2700 ескерткіш тіркелген, оның 1538-і мемлекет қарауында, 22 ескерткіш республикалық мәртебеге ие, олардың ішінде Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл, Болған ана кесенелері, Беғазы- Дәндібай мазарлары, ортағасырлық Басқамыр, Аяққамыр қалашықтары, Қызылкеніштегі будда храмының жұрты және басқалар бар. Өлкенің баға жетпес тарихи-мәдени мұрасын қорғау, зерттеу және насихаттауда тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша орталығы зор жұмыстар тындыруда.
Аймақтағы алғашқы кен көзін 1833 жылы кен қазушы Аппақ Байжанов ашты. Өнеркәсіптің дамуымен байланысты Сарыарқа төскейінде зауыттар, рудниктер, шахталар, темір жолдар салынып, сауда-саттық қызып, жаңдана түсті. Аймақ Қазақстан мен басқа елдер арасындағы сауда қарым-қатынасының күретамырына, экономикалық және мәдени алмасулар арнасына айналды. Бұл ретте Қарқаралы ауданының аймағында жыл сайын өткізіліп тұрған атақты Қоянды жәрмеңкесін еске алсақ та жеткілікті. Бұл жәрмеңкеде жаз сайын Қазақстанның түрлі аймақтары жақын көршілері Ресей және Орта Азиямен ғана емес, Таяу Шығыс елдерімен, Қытаймен де сауда-саттық жасаған.
Қоянды жәрмеңкесі маңызды сауда қызметін атқарып қана қойған жоқ, Қазақстан үшін үлкен мәдени мәнге де ие болды. Онда ақындар мен жыршылар сайысқа түсіп, 1925 жылы өзінің асқақ үнімен Парижді тамсандырған Әміре Қашаубаев, казақ даласының төлтума өнерпаздары Майра Уәлиқызы, Қали Байжанов, Қалибек Қуанышбаевтар өнер көрсеткен. Дүние жүзіне атағы жайылған белгілі балуан Кажымұқанның даңқы алғаш осы жәрмеңкеде шықты. Ақын Иса Байзақов жұртшылықты жырмен сусындатты, атақты композитор Александр Затаевич қазақ фольклорын, әндері мен күйлерін қағазға түсірді.
Қояндыға ақын Абай Құнанбаев, күйші-композитор Тәттімбет Қазанғапов, халықтың сегіз қырлы, бір сырлы өнерпазы Шашубай Қошқарбаев ат басын тіреп, жәрмеңке қызығын асырды.
Осындай қыруар мәдени мұраның бай қазынасы аймақтың шығармашылық әлеуетінің негізгі діңгегіне айналды. Облыс бой көтерген алғашқы жылдардың өзінде-ақ оны дамытып, өркендетумен бірге, осы рухани байлықты сақтап, молайта түсу және білікті шығармашылық кадрлардың жаңа буынын тәрбиелеуге аса мән берілді. Осы мақсатта 1937 жылы Қарағанды облыстық атқару комитетіңде алғашқы бөлімдердің қатарында өнер істері жөніндегі бөлім құрылды. Қайта кұру жылдарын бастан өткере отырып, облыстық мәдениет бөлімі басқармасы театр-концерттік және мәдени-ағарту мекемелері, кинофикация, кітапханалар, мәдени-ағарту техникумы, балалар музыка және көркемөнер мектептері, жергілікті баспалар және полиграфия кәсіпорындары, кітап саудасы, радио хабарларын тарату, облыс аумағында жұмысшы кадрларын даярлау жұмыстарына басшылық жасады.
Үлкен шығармашылық лаборатория іспеттес бұл ауқымды жұмысқа әр жылдары өз ісіне шынайы берілген, білімді де білгір басшылар - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері Ағытай Есмұхамбетов, Семен Савельевич Гольдин, Зұлқайыр Байсейітов, Сақыш Шайытқызы Асайынова, Мақат Рымжанұлы Рымжанов жетекшілік етті.
Ата-бабаларымыз тудырған рухани қазыналардың көпшілігі бізге аса тамаша археологиялық ескерткіштер түрінде жетті. Республиканың заттық және рухани мәдениетінің үлгілері мен айғақтары облыстағы 19 мұражай қорын сақтаулы. Олардың ішіңде 1932 жылы политехникалық мұражай ретінде құрылып, 1938 жылы облыстық тарихи-өлкетану мұражайына айналған Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, облыстық бейнелеу өнері мұражайы, Жезказған археологиялық-этнографиялық мұражайы, Жездідегі тау-кен және балқыту ісі мұражайы, Балқаш тарихи-өлкетану мұражайы, Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы, Абай каласындағы Абай атындағы әдеби-мемориалдық мұражай, Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мұражайды және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында Теміртау қаласында ашылған Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығын атауға болады. Сондай-ақ Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров, Жаңаарқа, Бұхар жырау, Шет, Нұра аудандарында да мұражайлар бар.
Облыс кітапханаларының өмірбаяны оның мәдени өмірінің тарихымен сабақтаса өрбіп, дамыды. Облыстың ондаған жылдар бойғы қоғамдық, экономикалық және рухани өмірі кітапханалар шежіресінен айқын көрініс тапқан.
Облыста тұңғыш кітапхана құрылғалы 118 жылдың жүзі болды, ол 1892 жылы Қарқаралыда ірге көтерді, алғашқыда кітап қоры 626 кітапты құрады, онда қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдар, Пушкин мен Лермонтовтың кітаптары болды. Кітапхана 17 газет және журналдар алып тұрды, олардың ішінде «Сибирская жизнь», «Слово», «Туркестанская туземная газета» басылымдары болды. Кітапхананы ұйымдастыруда Ахмет Байтұрсынов мол еңбек сіңірді, ол сол кезде Қарқаралы орыс-қазақ училищесі меңгерушісінің міндетін атқарушы еді.
20-жылдары облыста 14 мың кітап қоры бар 9 кітапхана жұмыс істеп, тұрғындар арасында сауатсыздықты жоюда маңызды рөл атқарды. 30-50 - жылдары Қарқаралы, Нұра, Бұхар жырау, Осакаров, Жаңаарқа аудандарында кітапханалар қауырт ашыла бастады. 1934 жылы Балқаш қаласында шаңырақ көтерген қалалық кітапхана тарихындағы мына бір аса қызғылықты жайт назар аударарлықтай. Бір жылдан соң, 1935 жылы маусым айында мұнда Бейімбет Майлин бастаған бір топ жазушылар келді. Сол жылғы қазан айында I.Жансүгіров кітапханаға 100 дана кітапты сыйға тартты.
Соғыс жүріп жатқан ауыр жылдарда, 1943 жылы Жаңаарқа селосында кітапхана ашылды, 1948 жылы онда Қаныш Сәтбаев болып қайтты.
1940 жылы сәуір айында Қарағанды облысында тұңғыш балалар кітапханасы ашылды. Балқаш каласындағы бұл білім мен мәдениет ошағы әлі де жұмыс істейді.
1953 жылы Қарағанды қалалық балалар кітапханасының жанынан облыстық балалар кітапханасы құрылды. Оның алғашқы директоры әрі ұйымдастырушысы Сақыш Шайытқызы Асайынова болды. Кейіннен ол кісі облыстық мәдениет бөлімін басқарды. 1954 жылы кітапханаға қазақтың ұлы ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың есімі берілді.
Облыстағы кітапхана ісінің өркендеуі тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты болды. Осакаров, Нұра, Бұхар жырау аудандарының тың совхоздарында кітапханалар ашыла бастады. 60-жылдардың бас кезеңіне қарай облыста 200-ге жуық кітапхана жұмыс істеді.
Облыстың театр ұжымдарының тарихы бай әрі сан қырлы.
1930 жылы республикадағы алғашқы театрлардың бірі - ҚАКСР Халық ағарту Наркоматының өлкелік жылжымалы театры ұйымдастырылып, ол Қарағанды облысындағы алғашқы орыс драма театрының түп-тегіне айналды. 1931 жылы темір жол ұйымдарының өтініші бойынша театр «Түрксіб» темір жол магистралі құрылысына қызмет көрсетуге ауыстырылып, Түрксібтің темір жол театры деген атпен сонда 1935 жылға дейін жұмыс істеді. 1935 жылы, колхоз-совхоз театрларын құрған кезде, ұжым үлгілі колхоз-совхоз театры ретінде Қостанайға жұмысқа жіберілді. Ал 1936 жылы театр Қарағанды облысына қайтып оралып, облыстық драма театр ретінде Балқаш қаласынан орын тепті.
1932 жылы А. Шаниннің «Зәуре» пьесасы бойынша қойылған спектакльмен қазақ жұмысшы жастарының театры (ЖЖТ) шымылдығы ашылды. Спектакльде басты рөлді Ж. Шашкина орындады. Ал 1936 жылы театр Қарағанды облыстық қазақ музыкалық-драма театры болып қайта құрылды. 40-жылдардың басында-ақ театр сахнасында алғашқы опера спектакльдері - Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр» опералары қойылды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл театрлардың актерлері майданға аттанған сарбаздардың, шахта мен рудник жұмысшыларының, қоныс аударған госпитальде емделуші жауынгерлердің алдында өнер көрсетті. Концерттік бригада жасақталып Прибалтика майданының қарамағына жіберілді. 1951 жылы бұл екі театр Қарағанды облыстық қазақ және орыс драма театрына біріктірілді.
Ал 1954 жылғы 23 ақпанда қазақ және орыс театрлары екіге бөлініп әрқайсысының дербес өмірбаяндары басталады. Бұл тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңі еді. Қуатты жастык серпін жастардың бойын баурап алды, сөйтіп Қазақстанға, соның ішінде Қарағанды облысына да алғашқы тың игерушілердің көш-керуені ағылып келе бастады. Осы кезеңде спектакль немесе жай концерттік бағдарламамен театр артистері араламаған бірде-бір колхоз немесе СОВхоз болған жоқ.
Өнер қайраткері: А.Салықов, М.Мұхатаева, К.Габдуллина, М.Николаева, К.Ахметова, К.Көлбаева Т.Жабаев, Қ.Ералиндердің шығармашылық талантары жарқыдан, көрермендердің ықыласына бөленді.
1938 жылы Қарағаңды облысында облыстық қазақ филармониясы ұйымдастырылды. Қарағанды облыстык атқару комитеті төралқасының қаулысы бойынша облыстық қазақ мемлекеттік филармониясы Қызыл тулы Қызыл әскерлер ән-би ансамблі үлгісіңде құрылып, оның құрамында негізінен қазақ ұлттық хоры (30 адам), орыс хоры (20 адам), қобыз, сыбызғы, домбыра аспаптарынан құралған ұлт аспаптар оркестрі (20 адам), хореографиялық сектор, 10 адамдық балет тобы болуы тиіс деп атап көрсетілді.
Артистер ең үздік орындаушылар, көркемөнерпаздар үйірмелерінің мүшелері қатарынан топтастырылды. Оларды іріктеп алу үшін Қарағанды, Балқаш, Қарқаралы, Ақмола қалаларыңда көркемөнерпаздардың қалалық және аудандық байқаулары өткізілді. Филармонияны үйымдастыруға және оның жұмыстарын жүргізуге облыстық атқару комитетінен 120 мың сом бөлініп, Тау-кен техникумы клубының ғимараты берілді.
1945 жылы филармония әуелі Жамбыл атындағы Алматы мемлекеттік филармониясының филиалы болып қайта құрылды, ал одан кейін Қарағанды облыстық мемлекеттік филармониясы мәртебесіне ие болды. Филармонияның құрамында түрлі жанрда қызмет көрсететін талантты шығармашылық ұжымдар мол болды. Мәселен, 1977 жылы оның құрамында 12 филармониялық және эстрадалық бригадалар жұмыс істеді. Олардың арасынан тек облыс көлемінде ғана емес, одан тыс жерлерге де аса танымал болған жастар ансамбльдері - казақтың «Гәкку», немістің «Фройндшафт», «Уақыт және ән», «Біз Қарағандыданбыз», т.б. эстрадалық ұжымдарды атауға болады. Қазіргі кезде Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік - республикадағы ең үздік кәсіби ұжымдардың бірі.
Түрлі жанрды қамтитын әуесқой халық шығармашылығы ықылым замандардан бері халықтың рухани өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді. 50-жылдарда облыста кәсіби ұжымдармен өнер жарыстырып, бәсекелесе алатын ірі көркемөнерпаздар ұжымдары құрыла бастады. Олар республикалық, бүкілодақтык, тіптен халықаралық деңгейде облыс атынан өнер көрсетті. Соның бірі - хореография үйірмесінің негізінде құрылған халық балет театры. Ол Мәскеудегі Съездер Сарайында өнер көрсеткен санаулы көркемөнерпаздар ұжымдарының бірінен саналады. Бұл ұжымның негізін қалаған - Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген артисі, Ленин орденінің иегері Валентина Филипповна Ипатова. Халық театрының репертуарында әлемдік классика жауһарларынан С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта», П. Чайковскийдің «Аққу көлі» мен «Щелкунчик», М.Равельдің «Болеро» және т.б. көптеген қойылымдар болды.
Алғашқы қазақ халык аспаптар оркестрі Егіндібұлақтағы аудандық Мәдениет үйінде құрылды. Тәттімбет атындағы бұл оркестрді Шахман Мағазов құрды және дирижерлік етті. Ұжым әлденеше рет Бүкілодақтық фестивальдердің лауреаты атанды. 1958 жылы Қарқаралыда әуесқойлық драма театры құрылды, кейіннен ол кәсіби сахналарда - Қазақ мемлекеттік балалар мен жастар театрында, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өнер көрсетті. Ұжым 1938 жылы ұйымдасқан алғашқы колхоз-совхоз театрының негізінде қалыптасты. Бұл театрдың әуесқой артистері театр өнерінің республикалық байқауларында лауреат атағын иеленді, ал театр режиссері Атығай Шанинге «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» деген құрметті атақ берілді. 1960 жылы ұжым «халық театры» атағын иеленді.
«Салтанат» халық ансамблі - облыстың әуесқойлық шығармашылық тарихының тағы бір жарқын беті іспетті. 1976 жылы ұжым республикадағы әуесқой ансамбльдер ішінен алғашқылардың бірі болып Францияда және Болгарияда өткен Дүниежүзілік фольклор фестивальдеріне қатысты, ГДР-да гастрольдік сапарда болып, Қазақстан қалаларында өнер көрсетті. Көптеген дипломдар мен құрмет грамоталарының ішінен Бүкілодақтық әуесқойлық өнер фестивалінде иеленген қола медалі ерекше атауға тұрарлық. Ал ең бастысы - ұжым  көрермендерді өз шығармашылығы және шеберлігімен әлі де қуанышқа бөлеуде. Академиялық музыкалық комедиялар театрының құрамына кіретін «Буратино» халық қуыршақ театрының, Қарағанды қаласындағы «Искорка» халық биі ансамблінің, Балқаш қаласындағы М. Хамзин атындағы металлургтер Мәдениет сарайының «Ветерок» хореографиялық ұжымының шығармашылық ғұмыры ұзаққа созылып, жалғаса түсуде. Бұлар - ең байырғы балалар ұжымдарының бірі. Ақтоғай ауданының халық шығармашылығын көптеген жылдар бойы «Тоқырауын толқыны» ән-би ансамблі лайықты түрде паш етіп келеді. Қасиетті Ұлытау  жеріндегі бұлақтардың сыңғыр үні «Ұлытау» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің, «Жезді жұлдыздары» ән-би ансамблінің сазымен астасып жатыр. «Жезді жұлдыздары» ансамблінің өнеріне мәскеулік көрермендер қол соқты. «Назқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен көптеген жылдар бойы режиссер Мәруаш Еленбаева жетекшілік ететін халық театры жаңаарқалықтардың мақтанышы болып табылады.
Кеншілердің Мәдениет сарайы облыс орталығы мәдени өмірінің алтын қазығына айналды. Оның үйірме кластары 70-тен астам клуб құрылымдары мен шығармашылық ұжымдардың басын біріктірді, олардың он бір «халықтық» атағын иеленген. Солардың ішінде шахтерлердің ән-би ансамблі облыстық халық шығармашылығы театры, әуесқойлық киностудиясы, Техника үйі және т.б. бар.
Әуесқой ұжымдардың жұмысын үйлестірумен 1945 жылы құрылған Халық шығармашылығы үйі айналысады. Оның алғашқы жетекшісі К. Мұқышев болды, қызметкерлерінің ішінен жазушы, публицист, аудармашы Ж. Бектұровты атауға болады. Бұдан кейін халық шығармашылығы үйі облыстық демалыс және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы болып қайта құрылды. Оған 20 жылдан астам X. Құсниденова, 10 жылдан аса X.A. Хайдарғалиева жетекшілік етті. Бұлар шығармашылық идеялардың нағыз қайнар көзі саналған білікті тұлғалар болатын.
60-70-жылдарда әлеуметтік мәдени нысандар құрылысы күрт өркендей бастады. Негізінен бұл жылдары тек Қарағанды қаласы ғана емес, сонымен бірге Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалалары тұрғындары үшін мәдениет үйлері, театрлар мен кинотеатрлар, концерт залдары, мұражайлар мен кітапханалар бой көтеріп, саябақтар мен гүлзарлардың іргесі қаланды.
Қазіргі кезде 333 кітапхана, 257 клуб үлгісіндегі ұйымдар, 21 бейнемобиль, 5 театр, 19 мұражай, 2 концерттік бірлестік, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы, тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы, 8  мәдениет және демалыс саябағы, киноны жалға беру, кинотеатр,  көрме залы жұмыс істейді. 
 

 

 
 
 
Новости


18.10.2018
17 қазан күні Кеншілер мәдениет сарайында композитор, әнші, ҚР мәдениет қайраткері, Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы Қорабай Есеновтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгі шырақ» атты шығармашылық кеші өтті.

Толығырақ



18.10.2018
«Ақ таяғы бар адамға көмектес!» қайырымдылық акциясының аясында 2018 жылы 17 қазанда

Толығырақ



17.10.2018
2018 жылдың 16 қазанында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Рухани Келісім күніне арналған «Дін ХХІ ғасырдағы қауіпсіз әлем үшін» тақырыбында сұхбат алаңы өз жұмысын бастады.

Толығырақ


 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қабылдау және оның тиімділігіне қатысты бағынысты ұйымдардың және басқарманың қызметі
 
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Жаман

 
 
    103574    
     
 

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031    
 

часы на сайт











МЕМЛЕКЕТТІК ?ЫЗМЕТТЕР Ж?НЕ А?ПАРАТ ОНЛАЙН
Казахстан 25 лет
Казахстан 2050
Казахстан 2050
adilet

expo 2017 astana








 
 

 
 

© 2009-2012 GY Kyltyra.kz
ГУ Управление культуры Карагандинской области

пр. Бухар жырау 32

© 2009-2012 Интернет-компания "Webstyle"
Разработка и поддержка веб-сайтов