Смс рассылка, смс шлюз, недорогие sms
 

 
 
Бастапқы бет ЖаңалықтарӨнір жаналықтарыБастықтың блогыМәдениет мекемелеріАтаулы күндерСайт картасыЖарнамаСілтемелерКері байланыс
 
     
 
Мұрағат анықтамаларын беру

Главная

C дипломом в село

Главная

Главная

Главная

Жарнама

ҚҰРМЕТТІ ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ !

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Сіздерді дерге, көрмелерге, концерттерге, кинофильмдерге шақырады

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ

Тел.413989, 420297



Толығырақ


















Тарихы

 

Мұрағат қызметі үшін алғашқы қалыптасу кезеңі қиындыққа толы болды. Білікті мамандар жетіспеді, орын-жайлар мен көлікке мұқтаждық туды.

Айтарлықтай қиындықтардың орын алғанына қарамастан, мұрағат қызметінің басшылығы сол жылдардың өзінде аудандық және қалалық мұрағаттардың құрылуына ерекше көңіл бөлді. 1939 жылы Қарағанды облысында 10 аудандық мұрағат қызмет атқарды. Олар: Жаңаарқа, Нұра, Тельман, Қарсақпай, Қорғалжын, Ворошиловский, Вишневский, Ақмола, Қарқаралы, Еркіншілік аудандық мұрағаттары.

Мұрағат бөлімінің бастығы болып Мознаим Исай Осипович тағайындалған тұста, 1949 жылдан бастап жағдай біршама дұрыстала бастайды.

Дәл осы 1949 жылы мұрағат директоры болып 23 жастағы ММТМИ-ның түлегі Кутищева тағайындалады. Кутищева А.Ф. бар күш-жігері мен алған білімін мұрағаттың ғылыми мекеме ретінде қалыптасуына жұмсады. Осы кезеңде Мәскеу, Алматы, Омбы, Семей, Петропавл, Ақмола мұрағаттарындағы Қарағанды облысының тарихына қатысты құжаттарды іздеп табу жұмыстары басталды. Мұрағатшылардың өздері, сондай-ақ зерттеушілер де  бұл құжаттарды әлі күнге дейін үздіксіз пайдаланып келеді.

1966 жылы И.О.Мознаимның меңгерушілік қызметін Кутищева А.Ф ауыстырады. Облыстың мұрағат қызметіне бұл екі айтулы тұлға тың серпілістер әкеле білді. Штат саны аз болып, мұрағат бөлімінде 3 адамды, облмеммұрағатта 5 адамды құраса да олар мұрағат құжаттарын есепке алу бойынша ауқымды жұмысты барынша батыл бастап кетті.

60-70 жылдары мұрағатқа ұзақ жылдар бойы ұжымның негізгі өзегіне айналған мамандар келді. Атап айтсақ, олар: Барлыбаев А.М., Бойко З.М., Бойченко Л.И., Волчик А.И., Воронина В.Н., Габченко Н.И., Гречишников В.П., Гужева Е.Н., Дволетка В.И., Ершова Т.И., Жубасова З.Т., Киселева Л.А., Ковылина М.Я., Колесниченко Т.П., Коцоева А.С., Мамзерова Э.А., Москаленко Н.З., Назарова М.Ф., Ноздрина З.П., Сергеева М.И., Удодова Л.П., Шерстобитова Е.Ф., Югай К.М.

Кадрлар қызметінің құрамы сандық жағынан ғана емес, сапалық тұрғыдан да өзгеріп отырды. Мұрағатшылардың жалпыбілімдік деңгейі айтарлықтай артты. Облыстың мұрағат қызметін жоғары кәсіби деңгейге көтере білген, сондай-ақ, әрбір іске шығармашылық тұрғыдан қарайтын, мұрағатқа шын берілген, кәсіби білімі бар ММТМИ және Орал мемлекеттік университетінің түлектері - мұрағат қызметкерлерін мақтанышпен айтуға болады. Олардың қатарында С.М.Әбікенова, Л.Ж.Байкенжина, Е.Н.Барлыбаев, А.И.Волчик, Е.Н.Гужева, А.В.Ефременко, О.Ш.Жақаева, Н.У.Жубасова, М.А.Қадыртаева, А.Ф.Кутищева, Л.Малявина, Н.А.Саитова, И.С.Симбирева, Е.Б.Черная, Л.В.Шульц есімдері ерекше аталады.

1976 жылдан 1991 жылға дейін облыстың мұрағат қызметін Вдовин Александр Дмитриевич басқарды. Осы кезеңде Қарағанды облысы мемлекеттік мұрағатының базасында мұрағат қызметі мен тәжірибе алмасу мәселелері бойынша көптеген аймақтық жиналыстар, Республикалық конференциялар, семинар-кеңестер өткізілді.   

1982 жылдан 2007 жылдың наурызына дейін облмеммұрағаттың директоры Киселева Людмила Анатольевна болды. Ол мол жұмыс тәжірибесімен, энциклопедиялық білімімен, үнемі іздену және білгенін өзгелерге үйрете білуімен әріптес-мұрағатшылардың арасында зор беделге ие болды және республикада бірден бір кәсіби шебер маман ретінде танылды. Л.А.Киселева Қарағанды облысының тарихы бойынша бірқатар құжаттар іріктемелерінің, жылнамалардың, анықтамалықтардың, құжаттар мен материалдар жинақтарының құрастырушысы болып табылады.

1991 жылдан 1997 жылға дейін мұрағат бөлімін басқару қызметімен Шаймарданов Масғұт Шаймарданұлы  айналысты. Қайта құру кезеңіндегі уақыттың қиындығына қарамастан облыстың мұрағат қызметі басшылығы ұжымды толықтай дерлік сақтап қала алды. Өзге облыстарда тұтас бөлімдер, тіпті мұрағаттардың өзі жабылып жатқан тұста штатты қысқарту бойынша бірде-бір адам жұмыстан босатылған жоқ. Сонымен қатар,    1994 жылы республикада ҒТҚ ОММ-нан кейінгі екінші болып саналатын облмеммұрағаттың ғылыми-техникалық құжаттамалар жөніндегі филиалы ашылды.

Облыс мұрағатшылары өз тарихында алғаш рет халықаралық деңгейден көрінді. Республикалық делегацияның құрамында М.Ш.Шаймарданов 1995 жылы АҚШ-та болып, мұрағат жұмысымен танысады, ал 1996 жылы Пекин қаласында мұрағатшылардың он үшінші Халықаралық Конгресіне қатысты.

1997-2000 жылдары облыстың мұрағат қызметі басшылығын ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Әбдәкімов Әбдіжаппар Әбдәкімұлы қолға алды. Осы кезеңде облыс мұрағатшылары «Сорос - Қазақстан» қорының ақшалай грантына ие болған «Ашық қоғамға – ашық мұрағаттар» жобасын дайындап, оның қаражатына облмеммұрағатқа алғашқы компьютерлер сатып алынды. 

2000 2013 Қарағанды облысының мұрағат қызметін Амантаев Өмірзақ Амантайұлы басқарады. Осы уақыт аралығында мұрағат қызметінің беделі айтарлықтай өсті. Қазір Қарағанды облысындағы маңызды іс-шаралар, атаулы күндер немесе мерейтойлардың бірде біреуі мұрағатты айналып өтпейді. Облыс мұрағатшылары дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар ұйымдастыру ісіне белсенді түрде ат салысып келеді. Олар республикалық басылымдарда, сондай-ақ, халықаралық материалдар жинақтарында өздерінің мақалаларын жариялап тұрады. Ө.А.Амантаев бірнеше мәрте Халықаралық мұрағаттар Кеңесінің Еуроазиаттық өңірлік бөлімшесі («ЕВРАЗИКА») отырыстарына қатысты.

Ө.А.Амантаевтың басшылығымен облыстың мұрағат мекемелері «Қарағанды облысына арнайы қоныс аударылғандар», «Желтоқсан біздің есімізде», «Украиндықтар Орталық Қазақстанда», «Спасск: құжаттардағы тарих», «Қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар тарихынан» атты бірқатар құжаттар жинағын, анықтамалықтар, жылнамалар, құжаттар іріктемелерін дайындап, жариялады.

Қарағанды облысының мұрағатшылары «Кеңестік және неміс соғыс тұтқындары және еркінен айрылғандар. Екінші дүниежүзілік соғыс пен соғыстан кейінгі кезең тарихына қатысты мәселелерді зерделеу» жобасы аясында немістің «Саксондық мемориалдар» бірлестігінен Германия аумағында қаза тапқан және жерленген бұрынғы кеңестік соғыс тұтқындары-қазақтар туралы мәліметтерге қол жеткізді.

Қарағанды облысы мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері алынған ақпараттардан жерленген орны белгілі Қарағанды облысында туылған соғыс тұтқындары-қазақстандықтардың екі тізімін дайындады. Бұл тізімдер облыстық газетте жарияланып, үлкен резонанс тудырды. Бүгінгі күні соғыс заманының өкілдері ғана емес, олардың балалары мен немерелері де із-түссіз кеткен жақындары жөніндегі мәліметтерге қол жеткізгісі келеді.    

2010 жылдың сәуірінде Финляндия Республикасы мен Қазақстан Республикасының тарихына қатысты құпия емес мұрағаттық құжаттардың электрондық көшірмелерімен алмасу саласындағы әріптестік пен бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойылды.

Егемен Қазақстан тарихында алғаш рет қарағандылық мұрағатшылар мұрағатта сақталған және Қазақстан тарихына қатысы бар құжаттарды қосымша қарастыру, іздеп табу және іріктеу міндетін қоя отырып, Финляндия Ұлттық мұрағатының құжаттарын танып-білді. мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Ө.Амантаев пен облыстық мемлекеттік мұрағат директоры Л.В.Михееваның Финляндия Ұлттық мұрағатына іссапары кезінде Қазақстанда туып, соғыс жылдарында қаза тауып, Финляндия аумағында жерленген кеңестік соғыс тұтқындарына қатысты құжаттар табылып, қол жеткізілді.

Мұрағаттық қазынаны сақтау, толықтыру және пайдалану – Қарағанды облысы мұрағатшыларының үлкен жоғары кәсіби ұжымының еңбегі. Бүгінгі күні облыстың мұрағат қызметіне 265 білікті қызметкер ат салысуда. Олардың негізгі бөлігі жоғары білімді, ал бірқатары екі жоғары білімге ие. Көптеген мұрағатшылардың еңбектері еленіп, үкіметтік марапаттауларға, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қарағанды облысы әкімінің, Мұрағат және ақпарат комитетінің құрмет грамоталарына ие болды.

2010 жылдың қыркүйегінен бастап облыстық мемлекеттік мұрағатты педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.Ж.Тұрсынова басқарады.

Мұрағатшылардың кәсіби міндеті мен жұмыстағы негізгі мақсаты қоғамға тарихи мәні зор деректерді, өткен заманның және мемлекет пен қоғамның қазіргі өмірін суреттейтін құжаттарды сақтау, көбейту және оны халық игілігіне жаратуға бағытталған. 

Туған еліміздің тарихын, өз ата-тегімізді, өткен өмірімізді танып-білуге қызығушылық танытқан әрбір азаматқа мұрағаттарымыздың есігі қашан да айқара ашық.   

 

 
 
 
Новости


18.10.2018
17 қазан күні Кеншілер мәдениет сарайында композитор, әнші, ҚР мәдениет қайраткері, Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы Қорабай Есеновтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгі шырақ» атты шығармашылық кеші өтті.

Толығырақ



18.10.2018
«Ақ таяғы бар адамға көмектес!» қайырымдылық акциясының аясында 2018 жылы 17 қазанда

Толығырақ



17.10.2018
2018 жылдың 16 қазанында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Рухани Келісім күніне арналған «Дін ХХІ ғасырдағы қауіпсіз әлем үшін» тақырыбында сұхбат алаңы өз жұмысын бастады.

Толығырақ


 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қабылдау және оның тиімділігіне қатысты бағынысты ұйымдардың және басқарманың қызметі
 
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Жаман

 
 
    103574    
     
 

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031    
 

часы на сайт











МЕМЛЕКЕТТІК ?ЫЗМЕТТЕР Ж?НЕ А?ПАРАТ ОНЛАЙН
Казахстан 25 лет
Казахстан 2050
Казахстан 2050
adilet

expo 2017 astana








 
 

 
 

© 2009-2012 GY Kyltyra.kz
ГУ Управление культуры Карагандинской области

пр. Бухар жырау 32

© 2009-2012 Интернет-компания "Webstyle"
Разработка и поддержка веб-сайтов