Смс рассылка, смс шлюз, недорогие sms
 

 
 
Бастапқы бет ЖаңалықтарӨнір жаналықтарыБастықтың блогыМәдениет мекемелеріАтаулы күндерСайт картасыЖарнамаСілтемелерКері байланыс
 
     
 
Мұрағат анықтамаларын беру

Главная

C дипломом в село

Главная

Главная

Главная

Жарнама

Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары!

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы сіздерді спектакльдерді, көрмелерді, концерттерді, кинофильмдерді тамашалауға шақырады

МУЗЫКАЛЫҚ КОМЕДИЯНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ТЕАТРЫ

Тел. 410650, 493254

Қызыл зал



Толығырақ


















«Мектеп музейлерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар»

07.03.2018

6 наурызда Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында «Мектеп музейлерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар болып өтті.

Іс-шара Халықаралық экскурсия жетекшілері күні аясында мектеп музейін құрумен шұғылданатын педагогтармен және экскурсия жетекшісі мамандығына қызығатын 7-10 сынып оқушыларымен өтті.

Семинардың мақсаты – қатысушыларды мектеп музейлерін ұйымдастыру мәселелерімен таныстыру, әдістемелік жәрдем көрсету, оқушылардың өзін-өзі шығармашылықпен танытуы, әлеуметтік бейімделуі және мамандық таңдауы үшін жағдай жасау.

Семинарға мектеп музейлерінің басшылары мен Теміртау қаласы мектеп музейлерінің жас экскурсия жүргізушілері қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының экспозиция залдары туралы бейнебаян көрсетілді. Онан кейін Қарағанды облысы тарихи-өлкетану музейі бұқаралық-экскурсия бөлімінің басшысы З.Б.Тебаева «Мектеп музейлерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар», Орталықтың экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің басшысы Б.К. Қаппарова «Экскурсия жетекшісінің шеберлігі», Орталықтың ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Д.Б.Кетебаев «Ғылыми-зерттеу және жинақтау жұмыстары», Орталықтың ғылыми қызметкері және қор сақтаушысы «Қор сақтау жұмысы», экспозициялық-көрмелік жұмыстар бөлімінің басшысы Ғ.Р.Ақпанбекова «Орталықтың экспозициялық-көрмелік қызметімен танысу», Орталықтың әдіскері В.В.Кутлуева «Атрибуция және сараптама мәселелері» тақырыптарында баяндама жасады.

Экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің басшысы Б.К.Қаппарованың баяндамасынан кейін оқушылар семинардың практикалық кезеңіне өтті. Практикалық жұмыстар Орталықтың экспозициялық залдарында өтті.

Бұл практикалық жұмыстың мақсаты семинарға қатысушылардың «экскурсовод жетекшісі» мамандығы жайында білімдерін тереңдету, комуникативтік дағдыларын дамыту.

Семинардың практикалық кезеңі кәсіби мамандардың шеберлік-сабағынан басталды. Олар семинарға қатысушыларға экскурсия кезінде өзін қалай ұстау керек екенін, тыңдаушыларға ақпаратты қалай жеткізіп, оны жәдігермен қалай байланыстыру керек екенін жан-жақты түсіндірді. Одан кейін жеребе тандау арқылы семинарға қатысушылар өздерінің тапсырмаларын алды. Балалар берілген тапсырмаларын Орталықтың қызметкерлерінен құралған тәлімгерлердің алдында қорғауы керек болды. Оқушылар бұл тапсырмаларға өте жауапкершілікпен қарады және Орталық қызметкерлері мен тәлімгерлері назарына ұсынатын экскурсия мәтінін құрауға ерекше мән беріп қана қоймай, күтпеген жерден қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді.

Ғылыми-практикалық семинардың қорытындысы бойынша сертификаттар табыс етілді.

 

 
 
 
Новости


22.06.2018
21 маусым күні Кеншілер мәдениет Сарайында Қарағанды тұрғындарына «Астанадан ақ тілек...» атты гала-концертті ұсынылды.

Толығырақ



22.06.2018
2018 жылдың 21 маусымында еліміздің бас қаласының 20 жылдығына орай Қарағанды облысында Астананың мәдени күндері басталды.

Толығырақ



19.06.2018
Астанадан Ақ тілек...

Толығырақ


 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қабылдау және оның тиімділігіне қатысты бағынысты ұйымдардың және басқарманың қызметі
 
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Жаман

 
 
    103574    
     
 

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
 

часы на сайт











МЕМЛЕКЕТТІК ?ЫЗМЕТТЕР Ж?НЕ А?ПАРАТ ОНЛАЙН
Казахстан 25 лет
Казахстан 2050
Казахстан 2050
adilet

expo 2017 astana








 
 

 
 

© 2009-2012 GY Kyltyra.kz
ГУ Управление культуры Карагандинской области

пр. Бухар жырау 32

© 2009-2012 Интернет-компания "Webstyle"
Разработка и поддержка веб-сайтов