Смс рассылка, смс шлюз, недорогие sms
 

 
 
Бастапқы бет ЖаңалықтарӨнір жаналықтарыБастықтың блогыМәдениет мекемелеріАтаулы күндерСайт картасыЖарнамаСілтемелерКері байланыс
 
     
 
Мұрағат анықтамаларын беру

Главная

C дипломом в село

Главная

Главная

Главная

Жарнама

ҚҰРМЕТТІ ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ !

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Сіздерді дерге, көрмелерге, концерттерге, кинофильмдерге шақырады

С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ

Тел.413989, 420297



Толығырақ


















Жыраулық поэзияның көрнекті өкілі — халқымыздың асқан кемеңгер ойшылы

14.05.2018

Жыраулық поэзияның көрнекті өкілі — халқымыздың асқан кемеңгер ойшылы, қоғам қайраткері, ақпа-төкпе жыр нөсері Бұқар жырау Қалқаманұлына биыл 350 жыл толып отыр. Абылай ханның ақылшы биі, абыз, ұлы даламызда «Көмекей әулие» атанған Бұқар жырауды ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі деп білеміз. Биылғы жылы Қарағанды облысында ұлы бабамызды ұлықтау мақсатында облыста бірнеше іс-шаралар жоспарлануда. І Халықаралық жыршы-жыраулар фестивалі - облыстық іс-шаралар циклының басты іс-шараларының бірі болып табылады.

2018 жылдың 11-12 мамыр күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бұқар Жырау Қалқаманұлының 350-жылдығына арналған I Халықаралық жыршы-жыраулар фестивалі өтті. 11 мамыр күні - Бұқар Жырау ауданы Ботақара мәдениет үйінде, 12 мамыр күні - Қарағанды қаласы К.Станиславский атындағы орыс драма театрында.

Фестивальдің бағдарламасында:

  1. 11 мамыр күні Бұқар Жырау ауданында - Бұқар жырау ескерткішіне тағзым ету, Бұқар жырау кесенесіне тағзым ету, құран бағыштау. Сондай-ақ, сағ. 15.00-де Ботақара ауылындағы аудандық мәдениет үйінде жыршы-жыраулардың концерттік бағдарламасы.
  2. 12 мамыр күні с. 10.00-де Қарағанды қаласы К.Станиславский атындағы драма театрында фестивальдің салтанатты ашылуы өтеді. Ал с. 18.30-да фестивальдің салтанатты жабылуы.

Фестивальге шет ел мемлекеттерінен Ресей Федерациясынан, Моңғолия, Қырғызстан және Қарақалпақстан елдерінің өнерпаздары қатысады. Сондай-ақ, мемлекетіміздің Астана, Көкшетау, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау, Алматы қалаларынан жыршы-жыраулар өз өнерлерін паш етті.

Қатысушылар: Алматов Алмас (Астана), Әлімжанов Баянғали (Көкшетау), Шалдыбеков Ерболат (Астана), Сарсенбаева Майра (Қызылорда), Сүгірбай Марат (Қызылорда), Оразов Фархат (Орал), Жолымбетов Демеубай (Ақтөбе), Уатқан Шаттық  (Алматы), Камиев Дидар (Қарағанды), Әдікей Қазбек (Алматы), Рүстембеков Бидаc (Қызылорда), Исламғалиев Армат (Орал), Көмеков Амандық (Маңғыстау), Айдын Курманов, Ресей Федерациясы Алтай Республикасындағы саны аз телеңгіт халқының өкілі, кайчы(жыршы), халықаралық конкурстардың бірнеше дүркін лауреаты, «Оскус уул» эпосының орындаушысы.(Алтай Республикасы), Айпери Кулбаева, ырчы, «Құрманбек» эпосының орындаушысы, Қырғызстандағы республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпазы. (Қырғызстан), Авирмед Балдандорж, жыршы, Моңғолия Республикасының халық әртісі, «Наранхуу хаан» эпосының орындаушысы. (Моңғолия).

Фестивальдің жабылуында бар қатысушыларға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Ақылсерікұлы Әбішев, фестивальдің қонағы – Асқар Тұрғанбаев «ТЮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының өкілі және облыс әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан кеңесшісі Рымбала Кенжебалақызы Омарбекова қаржылай сертификат ұсынды. Сондай-ақ, кеште Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің Тәттімбет атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрі мен Халықаралық конкурстардың лауреаты Нурбек Темірбеков өз өнерлерін көрсетті.

 

 
 
 
Новости


18.10.2018
17 қазан күні Кеншілер мәдениет сарайында композитор, әнші, ҚР мәдениет қайраткері, Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы Қорабай Есеновтің 70 жылдық мерейтойына арналған «Мәңгі шырақ» атты шығармашылық кеші өтті.

Толығырақ



18.10.2018
«Ақ таяғы бар адамға көмектес!» қайырымдылық акциясының аясында 2018 жылы 17 қазанда

Толығырақ



17.10.2018
2018 жылдың 16 қазанында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Рухани Келісім күніне арналған «Дін ХХІ ғасырдағы қауіпсіз әлем үшін» тақырыбында сұхбат алаңы өз жұмысын бастады.

Толығырақ


 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қабылдау және оның тиімділігіне қатысты бағынысты ұйымдардың және басқарманың қызметі
 
Өте жақсы
Жақсы
Қанағаттанарлық
Жаман

 
 
    103574    
     
 

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031    
 

часы на сайт











МЕМЛЕКЕТТІК ?ЫЗМЕТТЕР Ж?НЕ А?ПАРАТ ОНЛАЙН
Казахстан 25 лет
Казахстан 2050
Казахстан 2050
adilet

expo 2017 astana








 
 

 
 

© 2009-2012 GY Kyltyra.kz
ГУ Управление культуры Карагандинской области

пр. Бухар жырау 32

© 2009-2012 Интернет-компания "Webstyle"
Разработка и поддержка веб-сайтов